«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің «Әлем-Нұр» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Әлем-Нұр» бөбекжай-балабақшасы 2011 жылы қазан айында ашылған.
«Әлем-Нұр» бөбекжай-балабақшасы Алакөл ауданы, Екпінді ауылы, Қазақстан көшесі 82 үй мекен-жайында орналасқан. Жобалық қуаттылығы 40 орын. Материалдық-техникалық базасы толық. Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік жалпыға м індетті білім беру стандартын негізге ала отырып ұйымдастырылады.
Балабақшамыздың тарихына үңілер болсақ, Мектепке дейінгі ұйым 1979 жылы ашылған. Сол кездегі атауы «Балдырған» балабақшасы болған.Балабақшаны әр жылдарда Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Алакөл ауданының құрметті азаматы Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы 1979-1980 жылдар аралығында және Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет Грамотасының иегерлері, Алакөл ауданының құрметті азаматы Арзабаева Төлеухан Төлепбергенқызы 1980-1999 жылдар арасында меңгеруші қызметін атқарды. Осы жылдары педагогикалық ұжымның жетістіктері де аз болған жоқ.Аудандық, облыстық конкурстарға қатынасып, жүлделі орындарды иеленген.
2011 жылдың қазан айынан бастап, «Әлем-Нұр» балабақшасының меңгеруші қызметін Кудайбергенова Аймен Алиаскарқызы атқарып келеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымның алдына қойған мақсаты мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, мектепке дайындық жұмыстарын толыққанды қамтамасыз ету, отбасымен бірлесіп ұлттық рухта бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.
«Өткеніміз – өнеге, күтеріміз – келешек» дегендей, жас ұрпаққаізгілік ұялатып, тәрбие мен білім нұрын таратумен келе жатқан балабақша 2011 жылдың қазан айында өз жұмысын бастаған. Қазіргі таңда балабақшада 2 топ жұмыс істейді. Барлық бүлдіршіндер мемлекеттік тілде білім алады. Балабақшада 8 педагог қызмет атқарады.
Бүлдіршіндеріміздің дені сау, шыныққан шымыр, білімді болуына, ықпал ету үшін балабақшамыз қазіргі заман талабына сай әдеби көркем кітаптармен, әдістемелік құралдармен, дидактикалық материалдармен,ақпараттық құралдармен, медициналық құралдармен, бала өміріне қауіпсіз де, сапалы ойыншықтармен жабдықталған. Балабақша педагогтары өз тәжірбиесін арттыруға бағытталған кәсіптік байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Сонымен қатар аудандық семинарлар өткізіп, шығармашылықтарын шыңдап,өздерінің жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуде.
Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алады десек, бірлік пен парасаттылыққа жол көрсетер «Әлем-Нұр» балабақшасының педагогтары ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып, бала бойындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына бірлесе маңызды да, мәнді жұмыстар атқаруда.
Бала тәрбиесіне ата-анасынан кейінгі жауапты адам – тәрбиеші. «Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтырса, тәрбиеші баланың ақылын, мінезін, ой-өрісін сауықтырады,» — деген ғұлама ақын, ғалым А.Байтұрсынұлының ұлағатты сөзін жадымызда әрдайым ұстағанымыз абзал.
Елдің ертеңгі тірегі – балдырғандарымыз. Бала тәрбиесі баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат мүддесі заман талабына сай, Мәңгілік Елдің ұрпақтарын тәрбиелеу. Егеменді еліміздің бүлдіршіндерін тәрбиелеу жолында атқарып келе жатқан еңбегімізді өз борышымызды өтегеніміз деп білемін.
«Бір жылдығыңды ойласаң арпа ек, он жылдығыңды ойласаң тал ек, бүкіл ғұмырыңды ойласаң бала тәрбиеле» деген дана сөздің асылдығынан халқымыздың бала келешегіне, тәрбиесіне аса мән беріп, салиқалы ой өрбіткенін аңғарамыз.
Өткенімізді бой тұмар етіп, келешегімізді гүлдендіріп, балаларға азық етсек, біздің еліміздің алдындағы борышымыздың орындалғаны.