Кудайбергенова Аймен Алиаскарқызы 1965 жылы 22 маусымда Алматы облысы Андреевка ауданы Фурмунов ауылында дүниеге келген. 1982 жылы осы ауылдың орта мектебін тамамдап, 1983 жылы Үшарал қаласындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» педагогикалық курсын аяқтап, еңбек жолын бастады. 1985 -1990 жылдар аралығында І. Жансүгіров атындағы педагогикалық институтты «Педагогика психология» мамандығы бойынша оқып, диплом алды. 1984 жылдан бастап Сарықұм савхозында «Балдырған» балабақшасында тәрбиеші қызметінен еңбек жолы басталды. Содан бергі еңбек жолы педагогика саласынан алыстамады.Қазіргі басқарып отырған «Әлем-Нұр» балабақшасы, сол кездегі «Балдырған» балабақшасында 1987 жылдан 1995 жылға дейін тәрбиеші болып қызмет атқарды. 1995 жылдан 2009 жылға дейін Екпінді ауылындағы М.Әубәкіров атындағы орта мектепте даярлық сынып мұғалімі болып, 2009 жылдан 2011 жылға дейін мектеп жанындағы шағын орталықта меңгеруші болып еңбек етті. 2011 жылдың тамыз айынан бастап «Әлем-Нұр» балабақшасына меңгеруші болып тағайындалды.
Аймен Алиаскарқызы 39 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, бірінші санатты білікті маман. Осы қызметте жүрген уақытта көптеген жетістіктерге жетті. Ауыл әкімінің, аудан әкімінің, аудандық, облыстық білім бөлімінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен және Қазақстан Респуликасы білім беру саласында шығармашыл, тәжірибелі ұстаздық еңбегі үшін «Алаш Ұстазы» төсбелгісімен және педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін «Мұхтар Әуезов» атындағы төсбелгімен марапатталды.