
Серуенде. «Біздің әдемі гүлдер» Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі.Қазақ атамыз: «Баланың 5 жасқа дейін алақаныңа салып аяла, 13 – ке дейін құлыңша жұмса,13-тен бастап өзіңмен теңдей етіп ұста» деген екен. Халық даналығы бойынша еңбек тәрбиесінің 5 жастан басталатыны айтылып отыр. Дегенмен психологтар балаға 3 жасынан бастап дастарғанға табақтарды, қасықтарды тасуға болатынын айтады. Алайда бұл жас баланың ойын жасы болғандықтан анасына дастарханды жасауға немесе жинауға көмектесуді көбіне ойын ретінде қабылдайды. Осыған қарамастан баланың денесі еңбекке икемделе бастауы үшін 3 жасынан бастап – ақ балабақшада, үйде кішігірім істерді істеуге рұқсат етіледі.