Ақпараттық – коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде жәймен еніп келе жатыр. Бұл заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеп, интеллектуалдық қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады.